Халықаралық боксшылар ұйымы (IBO) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады.

ҚазАқпараттық хабарлауынша, Қазақстандық өкілдерде де бірқатар өзгерістер болды.

Жанат Жақиянов жеңіл салмақтағы  (53,5 келіге дейін) 40-шы орынынан 45-ке түсті. Қанат Ислам бірінші орта салмақ санатында (69,85 келіге дейін)  топ-100-діктегі 81-ші орнын сақтап қалды. Бейбіт Шүменов   бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) 11-ші орнында қалды, сондай-ақ Иса Ақбербаев осы рейтингте 35-ші орынға тұрақтап, екі сатыға төмендеді.