Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өткен жылы жеңіп алған барлық жеке марапаттарын санап шықты.

«Мен 2015 жыл әкелген барлық жақсы пікірлерге масаттанып отырмын. Енді 2016 жылы кез келген үміткерден шақыру қабылдауға дайынмын», - деп жазды GGG Твиттердегі парақшасында, өз хабарламасына «барлық белдіктер» және «келесі кім» хэштегтерін және жеке жүлделерінің фотосуретін қосқан.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Головкин Boxing.com, Yahoo Sports, Ringside Seat, WBN, Harold, Boxing News және HBO Boxing нсұалары бойынша үздік боксшы атанды.