Орта салмақтағы лидер Геннадий Головкиннің  (34-0, 31 КО) істерімен шұғылданатын «K2 Promotions» компаниясы WBO тұжырымы бойынша  әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің командасымен көктемгі жекпе-жек жайлы келіссөз жүргізіп жатқан шақта  атқарушы директор Том Леффлёр қазақстандық үшін балама нұсқаларды қарастыруда.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, олардың бірі - IBF бойынша міндетті үміткер АҚШ боксшысы  Туреано Джонсонмен (19-1, 13 КО) жекпе-жек.

«Бізде әзірше алдын ала келіссөздер жүріп жатыр,- дейді  Golden Boy Promotions вице-президенті Эрик Гомес. - Бұл айқас (ұйымның ережесі бойынша) Головкин үшін міндетті және оны біз ұйымдастыруды қалаймыз».