Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық Boxing.com сайтының нұсқасы бойынша 2015 жылдың үздік сайыскері атанды.

Сауалнама аталмыш порталдың оқырмандары мен авторларының арасында жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша Головкин Роман Гонсалес, Флойд Мейвезер және Виктор Постолды артта қалдырды.