Қазақстандық Геннадий Головкин Worldboxingnews.net порталының нұсқасы бойынша «2015 жылдың үздік боксшысы» номинациясын жеңіп алғаны туралы пікірін білдірді.

«Маған дауыс берген жанкүйерлеріме алғысым шексіз! Бұл марапатты үш жыл қатарынан жеңіп алу – мен үшін үлкен құрмет. Бұйырса, төртінші рет алармыз!», - деп жазды Головкин Твиттер парақшасында.