«Астана» футбол клубының шабуылшысы Алексей Щеткин «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында жаңа жылда не істегенін және елордалық клубпен келісімі қашан аяқталатынын айтып берді.  

 - Жаңа жылды отбасымен бірге үйде қарсы алдық. Өкінішке қарай, жаңа жылдық демалыста ешқайда шыға алмадық. Менің кішкентай нәрестем бар. Бар уақытым бала бағуға кетті. 

Жаңа маусым жайлы айтатын болсақ, менің «Астанамен» тағы бір жылға келісімім бар. Енді қаңтардың 10-ы, оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін БАӘ-ге аттанамыз, - деді Щеткин.