25-жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайынов 26-шы желтоқсан күні Қытай елінде өткізген алғашқы кездесуі жайлы айтып берді.

«Аллаға шүкір, бірінші кездесуім сәтті өтті. Қазіргі таңда еркін боксшымын, бірақ жақын күндері жақсы промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырамын деген ойдамын. Еліміздің көк туын биікке көтергім келеді!»,  — деді боксшы Inboxing.kz сайтына берген сұхбатында.