Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), WBC (Interim), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 33-жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2016-шы жылға қойған мақсаттарымен бөлісті.

«Сәуір айында Головкин-Сондерс, ал қыркүйекте Головкин-Канело кездесулерін ұйымдастырсақ қалай қарайсыздар? Бұл мерзім Альвареске бес фунт жинау үшін жететін шығар», — деп жазды Головкин Twitter-дегі ресм парақшасында.