20-жасар қазақстандық боксшы Даир Жайлауов Inboxing.kz сайтына өзінің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі жайлы айтып берді.
 
«Жекпе-жек алдында қобалжыдым, себебі бұл менің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуім болды. Жекпе-жек жақсы өтті. Қарсыласым ережені жиі бұзды, соған қарамастан оны жеңе алдым.  Ендігі кездесуім наурыз айына жоспарланған. Әзірге қарсыласым белгісіз», - деді Даир. 
 
Естеріңізге сала кетсек, 1 желтоқсан күні Даир Жайлауов Оңтүстік Африканың Кемптон-Парк қаласында кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жергілікті боксшы Акано Дибині ұпай шешімімен ұтты.