Британиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен Головкиннің командасынан жекпе-жекті ұйымдастыру жайлы жақсы ұсыныс түскенін айтты.

«Сондерстің Головкинмен кездесуге әлі дайын емеспін деп айтқанын білемін. Бірақ бокста қаржы бәрін шешеді. Бізге Головкиннің командасынан жақсы ұсыныс түсті. Сондерспен бірге бұл ұсынысты міндетті түрде қарастырамыз. Жалпы, Биллиде басқа да ұсыныстар бар», - деді Фрэнк Уоррен.