Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман өткен жылға жоғары  баға беріп, келесі, 2016 жылғы ұйымның басты мақсатын белгіледі. 

Басты мақсат - орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес пен «уақытша» титул иегері Геннадий Головкиннің жекпе-жегі.

«Бұл Мэйуэзер - Пакьяо және Альварес - Котто сияқты боксшылардың  жекпе-жегі өткен ерекше тарихи жыл болды, 2016 жылы  да үздік боксшылардың айқасын ұйымдастыруға күш салатын боламыз. Оның ішінде көпшілік тағатсыздана күтіп отырған Альварес пен Головкиннің жұдырықтасуы.  Олар қыркүйекте АҚШ-та жекпе-жекке шығады деген үміттеміз. Алда олардың екеуін де ерікті қорғаныс күтіп тұр, одан кейін олар бір-бірлерімен кездесулері тиіс», - деді Сулейман.