Бейбіт Шүменов Кшиштоф Влодарчикпен жекпе-жектен бас тартты, екеуінің кездесуі Лас-Вегаста 18 желтоқсанда өтуі тиіс болатын.
 
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін жерлесіміздің бұл кездесуден бас тартуына жаттығу лагерінде алған жарақаты себеп болған. Бейбіт Шүменов пен Кшиштоф Влодарчик SpikeTV-дегі PremierBoxingChampions(PBC) 2015 жылғы маусымының финалында кездесу керек болған. Ол Лас-Вегаста PalmsCasinoResort-та тікелей эфирде үш сағат трансляциялануы тиіс болған.