Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Бейбіт Шүменов пен польшалық Кшиштоф Влодарчик арасындағы жекпе-жек белгісіз уақытқа ауыстырылды.

Бұл туралы поляктың промоутері Анджея Василевски мәлім етті. Кездесудің ауыстырылу себебі – Шүменовтің жарақаты. Василевски қазақстандық боксшының тезірек айығып, 2016 жылдың қаңтарында жекпе-жекті өткізуге үміттенетінін айтты.

Айта кетейік, Шүменов – Влодарчик жекпе-жегі үстіміздегі жылдың 18 желтоқсанына жоспарланған болатын.