Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Аргентина құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Алматыда өтіп, 3:2 есебімен қазақстандықтар жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының голдарын Дәурен Тұрсағұлов, Ақжол Дәрібай және Арнольд Кнауб соқты. Аргентиналықтар ойынның 30-минутында екі рет гол соқты.