Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатына шақырылған ойыншылардың қорытынды тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында 14 ойыншы барады. Нақты тізімге 2 қақпашы мен 12 алаңдағы ойыншы енді.

Мундиаль алдындағы оқу-жаттығу жиынына 21 ойыншы шақырту алған болатын. Дайындық процесінің бірінші кезеңі 5-18 тамыз күндері аралығында Алматыда өтіп, артынша 5 қыркүйекке дейін Астанада жалғасты. 8 қыркүйек күні өтетін Аргентина құрамасымен жолдастық кездесуден кейін команда дайындықты қорытындылап, Өзбекстанға аттанады.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Нарун СеріковИгитаАрнольд КнаубРинат ТөреғазинАқжол ДәрібайӘбдірәсіл АбдуманапұлыАзат ВалиуллинЛеоАльберт АқбалықовШыңғыс ЕсенамановБіржан ОразовДәурен ТұрсағұловЖахангир РашитДуглас Жуниор

Айта кетейік, биыл Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі. Билеттерді ФИФА сайтынан сатып алуға болады.

Қазақстан құрамасының ойындар кестесі:

15 қыркүйек

Испания – Қазақстан – 17:30

Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан

18 қыркүйек

Ливия – Қазақстан – 17:30

Әндіжан әмбебап спорт кешені, Әндіжан

21 қыркүйек

Қазақстан – Жаңа Зеландия – 17:30

«Хумо Арена», Ташкент