Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын ойыншылардың қорытынды тізімін жариялады.

Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында 14 ойыншы барады. Ақтық тізімге 2 қақпашы мен 12 алаңдағы ойыншы енді.

Мундиаль алдындағы оқу-жаттығу жиынына 21 ойыншы шақырту алған болатын. Дайындық процесінің бірінші кезеңі 5-18 тамыз күндері аралығында Алматыда өтіп, артынша 5 қыркүйекке дейін Астанада жалғасты. Ертеңгі Аргентина құрамасымен жолдастық кездесуден кейін команда дайындықты қорытындылап, Өзбекстанға аттанады.

Айта кетейік, биыл Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.