Испанияда өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында еркін күрес шеберлерінің айқасы аяқталуға жақын, деп жазады Olympic.kz.

Еркін күрестен 70 келі салмақта қола медальға күрескен Айқын Болатұлы турнирді бесінші орынмен аяқтады.

Айқын кіші финалда америкалық балуанға мерзімінен бұрын есе жіберіп, жүлдеге іліге алған жоқ.

Айта кетелік, бүгін 57 келідегі балуан Мықтыбек Үкіметұлы да қола медальді уысынан шығарып алған болатын.