Франция астанасы Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасының өкілдері тоғызыншы медальға қол жеткізді, деп жазады Olympic.kz.

Жұрқамырза Шүкірбеков Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ол пара дзюдодан 90 келі салмақта сынға түсіп (J2 санаты), тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Кіші финалда Шүкірбеков франциялық Насер Зорганиді иппон ұпайымен жеңді.

Айта кетелік, турнир барысында қазақстандық спортшы Бразилия өкілін жеңіп, жартылай финалда грузиялық қарсыласына есе жіберген болатын.