Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мықтыбек Үкіметұлы Понтеведра (Испания) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бесінші орын алды, деп жазады Olympic.kz.

57 келі салмақтағы балуан қола медаль үшін күресте грузиялық Лука Гвинджилиямен белдескен болатын.

Өкінішке қарай, бұл бәсекеде қазақстандық балуан жеңіліс тапты. Мықтыбек қарсыласына 1:4 есебімен жол берді.

Бүгін 97 келідегі Ризбек Айтмұхан алтын медальға таласса, Айқын Болатұлы (70 келі) қола жүлде үшін айқасады.