UEFA Ұлттар лигасында бірінші турдың соңғы ойындары өтеді. А лигасында өнер көрсететін Германия құрамасы өз алаңында Венгрияны қабылдайды. Ойын Астана уақытпен 23:15-те басталады.

Сондай-ақ дәл сол уақытта аталған топта Нидерланд пен Босния құрамалары сынға түседі. Алғашқысы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілсе, екінші ойынды сол телеарнаның сайтынан тамашалауға болады.

Ал, 20:30-да В лигасындағы екінші топта Ирландия мен Англия кездесуі белгіленген. Бұл ойынды жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан көре алады. Аталған топта бүгін Грекия мен Финляндия кездесуі болады.