Нұралы Әліп қазақ тіліне қатысты айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде:

«Қазақ елі, соңғы сұхбатымды дұрыс емес қабылдаған кейбір жандарға айтарым бар. Мен қазақ тіліне қарсымын немесе сөйлемеу керек демедім және ондай ойым да болған жоқ. Бір адамға (Нұрсұлтан) келген кісіге қонақжайлық көрсету керек деп айтқанмын. Бірақ ол мені дұрыс түсінбей, қазақ тіліне қарсы деп ойлаған. Ұзын сөздің қысқасы: мен өздерің сияқты елім-жерім үшін жанын беретін қазақтың қара домалақ баласымын. Қазақты қазақ көтерер. Біз біргеміз, биік іргеміз», – деп жазды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!