Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев лигадағы келесі жекпе-жегі алдында лагерьден өту үшін АҚШ-қа ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Асу 19 қазанда UFC рейтингінде 7-орында тұрған бразилиялық Матеуш Николаумен жекпе-жек өткізеді.

Кейінгі жеңісінен кейін Алмабаев жеңіл салмақтағы рейтингке кіріп, 14-орынға тұрақтады.