Әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында британиялық Джек Дрейперді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 7:5, 7:6 (7:3), 6:2 есебімен италиялық жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 3 сағат 3 минут уақыт өткізді.

Бұған дейін Синнердің денесінде допинг бар болғанымен, спортшыға санкция салынбаған.

Маусымдағы төртінші «Үлкен дулыға» турнирінің финалында Австралия ашық чемпионатының қазіргі жеңімпазы америкалық Тейлор Фриц (12-орын) мен Фрэнсис Тиафо (20) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Синнер US Open финалында өнер көрсеткен алғашқы италиялық теннисші атанды.