Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясындағы Қазақстанға қарсы тең ойын (0:0) туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз ойында мықтырақ болдық. Бізде гол соғатын мүмкіндіктер көп болды, бірақ өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Қиын матч. Қазақстанда бес қорғаушы болды, оларға тағы төрт ойыншы көмектесіп жүрді. Мұндай құрамаға қарсы ойнау қиын», - деді Эдегор.

Ұлттар лигасының екінші турында Станислав Черчесов шәкірттері сырт алаңда Словениямен ойнайды, ал Норвегия өз алаңында Австрияны қабылдайды. Екі кездесу де 9 қыркүйекте өтеді.