Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясындағы Норвегияға қарсы матчтан кейін ұлттық құрама жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жанкүйерлерге керемет қолдау үшін рақмет!», - деп жазды Зайнутдинов Инстаграм желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін, 6 қыркүйекте Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Норвегиямен 0:0 есебімен тең түскен болатын. Кездесу барысында Қазақстан құрамасы Норвегия қақпасына 5 соққы бағыттады. Ал Норвегия Шацкийдің қақпасына 20 соққы жасады.

Норвегияға қарсы екінші матч 11 қарашаға жоспарланған.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан Словения құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойын Любляна қаласында өтеді. Матч Астана уақытымен 23:45-те басталады.