Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалдық белдесуде Ризабек америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді.

Турнир барысында ол Грекия және Иран балуандарын ірі есеппен ұтқан болатын.

Финалда Ризабек Айтмұхан әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі.

Алтын медаль үшін өтетін кездесу ертеңге жоспарланған.