Теннисшілеріміз ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Алматыда үстел теннисінен WTT Contender халықаралық турнирі жалғасуда. Қазақстандық екі жұп ширек финалға өтті.

Бақдәулет Әкімәлі/Владислав Захаров Гонконг теннисшілері Чан Болдуин/Ю Кван Томен кездесті. Матч өте тартысты өтіп, 3:2 есебімен аяқталды

Ширек финалда спортшыларымыз Ценг Цзу-Ю/Као Ченг-Джуиге (Тайбэй) қарсы ойнайды.

Аралас жұптық сында Искандер Харки/Ангелина Романовская Владислав Захаров/Анастасия Лаврова дуэтін 3:0 есебімен ұтты (барлығы Қазақстан өкілдері). Енді жартылай финалға шығу үшін Ю Кван То/НГ Винг Ламмен (Гонконг) күш сынасады.

Жекелей сында Кирилл Герасименко, Айдос Кенжіғұлов, Ескендір Харки, Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова қарсыластарына есе жіберді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!