Даяна Федосова Паралимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында пара дзюдодан J2 санаты бойынша 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Даяна Федосова қола медаль үшін белдесуде бақ сынады.

Қазақстандық дзюдошы қола медаль үшін таласта түркиялық Дендю Ешилюртті 11:0 есебімен жеңді.

J2 – көру қабілеті нашар спортшылар санаты.

Қазір Қазақстан қоржынында алты жүлде бар: 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!