6 қыркүйек күні Астанада Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы мүшелерінің кезектен тыс жиналысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қарастырылды, сонымен қатар Федерацияның жаңа президенті сайланды.

Жиынға қатысқан 20 облыстық федерация мен спорттық ұйымдардың өкілдерінен ұсынылған кандидатураны 14 адам қолдады. Нәтижесінде Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті ретінде Шамиев Кудрәт Игнатұлы сайланды.

Анықтама: Шамиев Кудрәт Игнатұлы – кәсіпкер-меценат, 34 жаста, Азия-Тынық мұхиты технология және инновациялар университетінде «халықаралық бизнесті басқару» мамандығы бойынша білім алған, еңбек өтілі 12 жыл, қазіргі уақытта «Integra Construction KZ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, 2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!