Ұлттар Лигасы біздің өмірімізге түбегейлі еніп кірді. Бейсенбідегі алғашқы ойын күнінде біз Сан-Марино құрамасының 20 жылдағы алғашқы жеңісін және Криштиану Роналдудың кәсіби мансабында 900-ші голын көрдік. Ұлттар Лигасының жаңа кезеңі шынымен де тарихи нәтижемен басталды. Ал 8 қыркүйекте, Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те біз Швейцария мен Испания арасындағы тартысқа толы матчты көреміз.

Құрамалар Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесулерін өткізіп үлгерді. Швейцария қонақта Дания құрамасымен ойнады, және ойын шиеленісті өтті. 52 минутта швейцариялық қорғаушы Нико Эльведи қызыл қағаз алғаннан кейін басымдық қарсыластарда болды. Ойын бітуіне аз қалғанда жартылай қорғаушы Гранит Джака екінші сары қағаз алып, ойыннан қуылды. Соңғы 10 минутта даниялықтар екі гол соғып, ойынды өз пайдаларына аяқтады. Есеп 2:0.

Айта кетейік, Швейцария құрамасы Еуро-2024-те ширек финалға дейін жеткен еді. Ширек финалда Англия құрамасымен терезесі тең ойын ойнап, пенальти сериясында есе жіберген болатын.

Еуро-2024 Испания үшін сәтті болды. Барлық ойында жеңіске жетіп чемпион атанды. Турнирдің басты жұлдыздары 16 жастағы Ламин Ямал мен 21 жастағы Нико Уильямс болды.

Испандықтардың Еуро-2024 финалынан кейінгі алғашқы матчы осы аптаның бейсенбісінде өтті. Ұлттар лигасы аясында олар Сербияға қонаққа барды. Испания бұл ойында үстемдік орнатқанымен есеп 0:0 болып аяқталды. Еуродан кейінгі құрам айтарлықтай өзгермеген. Шабуылда біз Айосе Пересті көрдік, ал жартылай қорғаныста Мартин Субименди болды, ол Еурода көп ойнамады, бірақ финалда бүкіл таймға шықты. Қақпада «Арсеналдың» кипері Дэвид Рая болды, әдеттегідей Унай Симон емес. Алайда, Мората да, Родри де, Симон да маусымының басында алған жарақаттарынан айығып келеді.

Швейцария мен Испания соңғы рет 2022 жылы Ұлттар лигасында кездесті. Ол кезде бірінші ойын испандықтардың жеңісімен, ал екіншісі Швейцарияның жеңісімен аяқталды.

Швейцария–Испания арасындағы матчтың фавориті болып әрине қонақтар саналады. Бұл болжамды Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі де қолдайды. Луис де ла Фуэнте командасын 1.67 кэф, тең нәтижеге 3.58 кэф берсе, Швейцария жеңісіне 5.00 кэф беріп тұр.

Бұл кездесуге Tennisi.kz ұсынған 1.96 кэфпен «екеуі де соғады» дегенге бәс тігуге болады. Себебі Швейцария үйде өткізген соңғы он ойында гол соққан, Испания да Сербияға дейін өткізген қонақтағы ойынның онында гол соққан.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Тіркеу кезінде WIN промокодын енгізіңіз де, 5 000 теңгеден бастап толықтырыңыз және негізгі шотқа нақты ақшамен 5 000 теңге алыңыз.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!