9 боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында финалға шыққан боксшылар анықталды. 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында 9 боксшымыз финалда бақ сынайды.

Олар:

35 келі. Абылай Досымбеков

40 келі. Бекхан Оразбаев

43 келі. Жұмағали Нұрмұхан

46 келі. Әмір Мұхит

52 келі. Нұрислам Оңалбек

55 келі. Әбдімансұр Жақсылық

61 келі. Алиимран Алиев

64 келі. Төрехан Қанатбай

70 келі. Мансұр Амантай

Ал Әли Әбдікамал мен Жәдігер Мүсірәлі құрлық додасының қола медалін иеленді.