Ерғали Шәмей мен Даяна Федосова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Ерғали Шәмей пара дзюдоның J1 санаты бойынша ширек финалда (73 кг) франциялық Арминдо Родригесті таза жеңді. 1/2 финалда германиялық Леннарт Сасспен күш сынасады.

J1 – көру қабілетінен айырылған спортшылар санаты.

Даяна Федосова пара дзюдоның J2 санаты бойынша ширек финалда (57 кг) бразилиялық Люсия да Сильваны таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

J2 – көру қабілеті нашар спортшылар санаты.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!