Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің ширек финалында қазақстандық Гонконг өкілі Чак Вонгтан 6:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 36 минутқа созылды.

Айта кетейік, жартылай финалда Вонг жапондық Шо Шимабукуромен ойнайды.