Қазақстандық пара дзюдошы Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

J2 санаты бойынша дзюдодан 48 келі салмақта сынға түскен Ақмарал финалда француз спортшысы Сандрин Мартинені иппон әдісімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан қоржынына 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында төртінші медаль түсті. Бұған дейін Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанса, Еркін Ғаббасов нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алған еді. Ал жеңілатлет Дастан Мұқашбеков Паралимпиада ойындарында қола медаль иеленген болатын.