Норвегия құрамасы және лондондық «Арсенал» капитаны Мартин Эдегор УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы матчқа дайындық туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан құрамасын зерттедік пе? Иә, біз әрқашан матч алдында қарсыластарды талдаймыз. Бірақ ең алдымен, өз ойынымызға және өзіміздің мықты жақтарымызға назар аударамыз», — деді Эдегор.

Айта кетейік, Қазақстан мен Норвегия арасындағы матч 6 қыркүйекте Алматыда өтеді. Ойын 19:00-де басталады.