Ақтаулық «Каспий» Бірінші лиганың 23-турында «Ақтөбе-Жасты» 6:1 есебімен тас-талқан етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңімпаздар сапында Қасымжан Таипов, Дархан Бердібек, Бақдәулет Көңлімқос, Марат Бекешов және Дамир Марат гол соқты. Ақтөбелік командадан Ислам Әбілқасов көзге түсті.

«Каспий» — «Ақтөбе-Жас» 6:1 (4:0)

Голдар: Қасымжан Таипов (11), Дархан Бердібек (19), Бақдәулет Көңлімқос (39), Дамир Марат (дубль 43,47), Марат Бекешов (79) - Ислам Әбілқасов (90+1).