Футболдан Норвегия құрамасының капитаны Мартин Эдегор Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы өтетін матч туралы айтты.

– Біз қарсыласты көрдік. Қазақстан – жақсы команда. Бірақ біз жеңу үшін келдік. Матчқа дайындалып жатырмыз, ең алдымен бүкіл назарды өз ойынымызға аударамыз.

Жастар құрамасы сапындағы Қазақстанға қарсы ойын есімде. Бұл мен үшін жақсы тәжірибе болды. Бірақ қазір жағдай басқаша. Ойыншылардың ішінен кімді ерекше айта аламын? Біз бүкіл команданы көрдік, бұл қиын болады. Өйткені біз сырт алаңда ойнаймыз. Ұлттар лигасын сәтті бастаймыз деп үміттенеміз.

"Астана" – "Бранн" ойыны? Біз бұл матчты көрдік. Менің ойымша бұл оңай саяхат емес. Ұзақ рейс, қиын стадион. Бірақ бұл футболдың бір бөлігі, біз қазір ойынға дайындалып жатырмыз", - деді Эдегор.