Әлемнің футбол клубтары биыл жаза трансфер саны бойынша рекорд жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық трансфер саны 10 900-ден асты. Бұл 2023 жылдың жазымен салыстырғанда 4,8% көп.

Дүние жүзіндегі клубтар 2024 жылғы жазғы трансфер кезеңінде (1 маусымнан 2 қыркүйекке дейін) 6,4 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат жұмсады, бұл тарихтағы екінші жоғары көрсеткіш. Рекордтық көрсеткіш 2023 жылы тіркелді – 7,43 млрд.

Әйелдер футболындағы халықаралық трансферлерге шығын 6,8 миллион АҚШ доллары жұмсалды. Бұл 2023 жылы жаздағы көрсеткіштен екі есе көп.