Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы Давид Дегтяревті құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанған Давид Дегтяревті құттықтаймын! Ол тамаша нәтижелер мен мызғымас қайрат көрсетті», - деп жазды Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Дегтярев XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста алтын медаль жеңіп алған болатын. Спортшы 188 келіні көтеріп, бірінші орынды иеленіп, тамаша нәтиже көрсетіп, Қазақстан тарихындағы тұңғыш екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.