Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн екінші жеңіл салмақтағы (55,3 келіге дейін) абсолют әлем чемпионы, жапониялық Наоя Иноуэ (28-0, 25 КО) келесі жекпе-жегін дивизионының бұрынғы біріккен чемпионы, өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевке (12-1, 9 KO) қарсы өткізуі керек деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ахмадалиев екінші аса жеңіл салмақта Инуэге қалған жалғыз қарсылас және бұл лайық жекпе-жек болады. WBA бұл жекпе-жекке рұқсат берді. Уақыт келді», - деп жазды Хирн X әлеуметтік желісінде.

Муроджон Ахмадалиев 29 жаста. Өзбекстандық боксшы 2016 жылы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған. Ол кәсіпқойлар арасындағы дебютін 2018 жылы өткізді. Сегізінші жекпе-жегінде ол америкалық Дэниел Романды жеңіп, екі әлемдік титулды иеленді. Жалғыз жеңілісі филиппиндік Марлон Тапалестен болды.