УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы матчқа төрешілер тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында Нидерланд төрешілер тобы қазылық етеді. Бас төреші Аллард Линдхаут болады. Оның көмекшілері - Джоост ван Зуйлен мен Роджер Хониг. Төртінші төреші – Алекс Бос, VAR төрешісі – Роб Диперинк, VAR төрешісінің көмекшісі– Эдвин ван де Грааф.

Еске салайық, Қазақстан - Норвегия матчы 6 қыркүйекте Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді.