Қазақстандық жеңілатлет Дастан Мұқашбеков Париждегі Паралимпиада ойындарында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол ядро лақтырудан үздік үштік қатарына кірді. Ол ядроны 16 метрге лақтырды.

Осылайша, ол Паралимпиада ойындарының жеңіл атлетика жарысында Қазақстан алғаш рет жүлде жеңіп отыр.

Дастан Мұқашбеков 34 жаста, Қарағанды тумасы. Токио Паралимпиадасында 6-орын алған болатын. Ол Паразиада жеңімпазы және әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы үш медаль еншіледі. Бұған дейін Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанса, Еркін Ғаббасов нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алған еді.