France Football жылдың үздік жас футболшысына (21 жасқа дейінгі) берілетін «Копа Трофи» жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Копа Трофиге» үміткерлер қатарына Ламин Ямаль, Пау Кубарси (екеуі де — «Барселона»), Алехандро Гарначао, Кобби Майну (екеуі де — «Манчестер Юнайтед»), Арда Гюлер («Реал Мадрид»), Варрен Заир-Эмери, Жоау Невеш (екеуі де — «ПСЖ»), Савио («Манчестер Сити»), Матис Тель («Бавария»), Карим Конате («Зальцбург») енді.

Айта кетейік, жеңімпаз 28 қазанда «Алтын допты» табыстау рәсімінде белгілі болады.