4 қыркүйекте Астанада ҚХЛ тұрақты чемпионатының жаңа маусымы аясында елордалық «Барыс» алғашқы матчын өткізіп, нижнекамскілік «Нефтехимиктен» жеңіліп қалды, жеп хабарлайды Prosports.kz.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Айдын иелерінің сапында Уэйд Эллисон (37-минутта) шайба салып, қонақтар Владимир Брюквиннің дәл соққысымен жауап қатты.

Ал овертаймда Жан-Себастьян Ди көзге түсіп, «Нефтехимик» жеңіске жетті.

«Барыс» 6 қыркүйекте өз айдынында «Тракторды» қабылдайды.

«Барыс» — «Нефтехимик» 1:2 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 0:1)

Шайбалар:1:0 — 36:40 Эллисон (Бутчер, Маклауд)

1:1 — 46:39 Брюквин (Соколов, Пастухов)

1:2 — 64:00 Ди (Митякин)

Қақпашылар: Маттссон — Долганов.