Күрес түрлерінен Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов финалда жеңіліс тапты.

Ол ақтық сында ирандық Ахмедреза Мохсен Нежадтан 2:0 есебімен ұтылды.

Осылайша, Ашрапов әлем біріншілігінің күміс медалін иеленіп отыр. Бұған дейін қазақстандық "классиктер" Испания бозкілемінен 3 қола медаль жеңіп алған болатын.

Фото: UWW