Понтеведреде (Испания) өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Оңдасын Хамитов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін өткен белдесуде Оңдасын жапониядық Кохау Каназаваны 9:0 есебімен ұтты.

Чемпионат аясында қазақстандық балуан Қырғызстан, Мексика және Венгрия балуандарын жеңіп, жартылай финалда түркиялық қарсыласынан 8:9 есебімен ғана жол берген болатын.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Айбек Айтбеков (55 келі) пен Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль еншілеген болатын.

Фото: UWW