Бүгін елордалық «Барыс» ҚХЛ 2024/25 маусымындағы алғашқы ойынын нижнекамскілік «Нефтехимикке» қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» — «Нефтехимик» арасындағы ойын Астанада өтеді және жергілікті уақыт бойынша сағат 19:30-да басталады. Бұл ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.