Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында SB3 санаты бойынша сынға түскен қазақстандық жүзгіш Зульфия Габидуллина финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 4 қыркүйекте Зульфия Габидуллина SB3 санаты бойынша 50 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түсті. Бұл санатқа жүзуде қолданатын, бірақ аяқтары мен денесін пайдалана алмайтын қолы ең аз әлсіз спортшылар кіреді.

Қазақстандық спортшы Зульфия Габидуллина бұл қашықтықты 1 минут 12,07 секундта бағындырып, іріктеуде 10-орынға табан тіреді. Ал финалдық кезеңге үздік шыққан 8 спортшы жолдама алады. Енді қазақстандық спортшы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында 50 метрге еркін әдіспен жүзуден сынға түседі. Бұл санат бойынша ол 2017 жылы әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, 58 жастағы Зульфия Габидуллина 2016 жылы Риода өткен жазғы Паралимпиада ойындарында 200 метрге еркін әдіспен жүзуден чемпиона атанған болатын.

Сондай-ақ Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының медальдар кестесінде Қазақстан бірнеше сатыға төмендеді. Ел қоржынында пара оқ атудан Еркін Ғаббасов жеңіп алған 1 күміс жүлде бар.