«Барыс» бас бапкері Дэвид Немировски командаға қойылған маусымдық міндеттерді атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

«Біз кезең-кезеңімен жұмыс істейміз, басты міндет — плей-оффқа шығып, сол жерде мүмкіндігінше алысқа бару. Менің үмітімше, маусым барысында бұл міндеттер жақсы жаққа қарай өзгеретін болады. Қысқа мерзімге келсек — маусымды бастау және әр ойында жеңіске жету».

«Барыс» маусымды 4 қыркүйекте «Нефтехимикке» қарсы үйдегі матчпен бастайды.