Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайдыProsports.kz.

Жукаев екінші айналымда чилилік теннисші Томаш Барриос Вераны 7:6, 6:7, 7:5 есебімен жеңді.

Айта кетейік, кездесу 3 сағат 12 минутқа созылды.

Келесі айналымда Жуқаев Р.Пенистон – К.Вонг кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.